Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды Inform.kz

Түркияның шығысындағы Малатья провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы осы елдің ТЖ залалын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


AFAD мәліметінше, жер сілкінісі жұма күні сағат 20:48-де тіркелді. Оның эпицентрі Малатья провинциясының Ешилюрт ауданында болды. Ошағы 7 шақырым тереңдікте.


Жер сілкінісі Малатьяда, сондай-ақ Кахраманмараш, Адыяман, Шанлыурфa және Газиантеп қалаларында сезілді. Көптеген қала тұрғындары дүмпулерді сезініп бірден көшеге шыққан.



«Біздің бригадалар далалық зерттеулер жүргізуде. Қазіргі кезде Батталгазы ауданындағы қараусыз қалған 1 ғимарат қирады. Көшеден өтіп бара жатқан бір бала аяғын сындырып, ауруханаға жеткізілді. Бірнеше адам балконнан секірген», - деді Малатья провинциясының басшысы Эрсин Языджи.



.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20