Түркияда спортшылар үйіндінің астында қалған

Түркияда спортшылар үйіндінің астында қалған
Сурет: Ашық дереккөз

Құтқарушылар үш спортшыны тапты

Түркияның Малатья провинциясында волейболдан «Хатай» әйелдер командасы қираған ғимараттың астында қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әзірге спортшылар жайлы нақты ақпарат жоқ. Бұдан бөлек, ерлер арасындағы волейбол командасының мүшелері де тап сондай апатқа ұшыраған.

Құтқарушылар үш спортшыны тапты. Ал, Кахраманмараш қаласында 30-40 балуан үйіндінің астында қалды, деп жазады qazaqstan.tv.

«Шұғыл көмек күтіп жатырмыз» деп еркін күрестен Олимпиада чемпионы Таха Ақгүл әлеуметтік желіде жазған болатын.

Бұдан бөлек, «Марасспор» футбол клубының спортшылары қонақүйдің астында қалды деген ақпарат тарап жатыр.