Түркияда сел тасқынынан 15 адам қаза тапты

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлім етті.
14 наурызда елдің екі провинциясында нөсер жауып, жүздеген үй су астында қалды. Көпірлер мен жолдар қирады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«Адыяманда екі адам, Шанлыурфада 13 адам су тасқынынан қаза тапты. Жоғалған бес адамды іздеу жұмыстары жалғасуда», - деді Сойлу TRT телеарнасында.
Кейбір жерлерде қайықсыз жүру мүмкін емес. Халық қауіпсіз аудандарға эвакуацияланып жатыр. Метеорологтардың айтуынша, Адыяман және Шанлыурфа провинцияларындағы жауын-шашын кем дегенде тағы екі күнге созылады.
Қазір жауын-шашынның салдарынан сыртқа шыға алмай қалған тұрғындарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.