Түркияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді

Түркияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді
Сурет: Aussiedlerbote.de

Осы күнге дейін маймыл шешегі 50 елге жетіп, 3413 адам дертке шалдыққан. 

Түркияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusines.kz сілтеме жасап. 
 
«Маймыл шешегін азаматтарымыздың бірі жұқтырды. Науқас 37 жаста, иммундық жүйесінің жетіспеушілігі бар. Ол қазір оқшауланған. Динамикалық бақылау жүргізілді», – деді Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.

Ол қай қалада инфекция тіркелгенін жарияламады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, осы күнге дейін маймыл шешегі 50 елге жетіп, 3413 адам дертке шалдыққан. Дегенмен ұйым бұл ауру халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай болып саналмайды деген пікірде.