Түркияда 5,4 магнитудасымен жер сілкінді

Түркияда 5,4 магнитудасымен жер сілкінді Сурет: Ашық дереккөз

Тереңдігі – 60 шақырым


Сәрсенбі күні Түркияның шығыс бөлігінде 5,4 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Дерекке сәйкес, жерасты дүмпуінің ошағы 31,4 мың халқы бар Буланык қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасты. Тереңдігі – 60 шақырым.


Еске салайық, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 магнитудасымен жер сілкінісі болды. Зілзала соңынан жүздеген афтершок қайталанды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.


Соңғы мәлімет бойынша, Түркияда қаза болғандар саны 9 мыңнан асты, 52 мыңнан астам адам зардап шекті. Сирия Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, елде кем дегенде 2,5 мың адам көз жұмды, 4,6 мың адам жарақат алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31