Түркия түлектері Алматыда бас қосты

Түркия түлектері Алматыда бас қосты Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстандық Түркия Түлектерінің кезекті кездесуі биыл Алматы қаласында өтті.


Аталған іс-шараға Түркияның Қазақстандағы Елшісі  Мустафа Капуджу, Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу, Қазақстан және Түркияның мемлекеттік қызметкерлері, кәсіпкерлер  және 300 жуық Түркия түлегі қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz7


Қазіргі кезде елімізде 7 мыңнан астам Түркия жоғары оқу орындарында білім алған түлек әр салада табысты еңбек етіп жүр. «Түркия түлектерінің Алтын кітабы» жобасы аясында өз саласында ерекше жетістікке қол жеткізген түлектер марапатталды. Номинациялар  білім және ғылым, спорт, медицина, журналистика, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, мәдениет және өнер, қоғамдық жұмыстар  сияқты салалар  бойынша берілді. Мемлекеттік қызмет саласында жеткен жетістіктері үшін ҚР СІМ қарасты «Отандастар Қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы, Мәдениет және өнер саласында жеткен жетістіктері үшін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қыдырәлі Дархан, Білім және ғылым саласында жеткен жетістіктері үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Темірбекова Жанар, Кәсіпкерлік саласында жеткен жетістіктері үшін  Тұрабаев Қуаныш, Ерекше қоғамдық белсенділігі үшін Шырынбаев Марат, Журналистика саласында жеткен жетістіктері үшін 31 арнаның Informburo ақпараттық бағдарламалар департаментінің директоры Жүнісов Ержан, Денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктері үшін Orhun Medical Center Бас дәрігері Сыйкымбаев Айдос, Спорт саласында жеткен жетістіктері үшін “Дешті Қыпшақ” дәстүрлі садақ ату федерациясының Вице-Президенті Туруспеков Бахтияр Түркия Түлектерінің «Алтын кітабына» енді.  
Қазақстандық түлектер арасында алғаш рет ұйымдастырылған бірегей жоба бұдан былай жыл сайын өткізіледі. Сонымен қатар,  Түркияға ұшақ билеттері ойнатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55