Түркия теңселіп тұр

Түркия теңселіп тұр
azh.kz

Түркияда бірден бірнеше қалада жер сілкінісі болды

Түркияда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:08-де Рихтер шкаласы бойынша магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі – Түркияның солтүстік-батысында сол провинцияның Дюздже қаласында болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz inform.kz сілтеме жасап.

Бұл аймақ Анкарадан батысқа қарай 240 шақырым және Ыстанбұлдан шығысқа қарай 228 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісі Анкара мен Ыстанбұлда, сондай-ақ елдің бірнеше қаласында қатты сезілді.

Түркия Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) хабарлағандай, 18 афтершок тіркелген, ал жерасты дүмпулері 6,5 шақырым тереңдікте орналасқан. Аймақта тексеріс жүргізіледі.

Дюздже қаласының мэрі Фарук Озлуның мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер жоқ.

«Жойқын жер сілкінісі болды. Олар бізге қатты сезілді. Көптеген тұрғын көшелерге қашып шыққан. Қазір барлық жерде электр қуаты өшіп қалды. Жер сілкінісінің басқа да салдарлары анықталуда», - деп қосты Ф.Озлу.

Алайда Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 22 адам зардап шеккен. Биіктен секіріп кеткен бір науқастың жағдайы ауыр.