Түркия шетелдіктерге тұруға рұқсат беруді шектеу туралы шешім қабылдады

Түркия шетелдіктерге тұруға рұқсат беруді шектеу туралы шешім қабылдады
Сурет: Egemen.kz

Түркия шетелдіктерге тұруға рұқсат беруді шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шешімді Anadolu жазды. Шенеуніктің айтуынша, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Түркияның әр ауданында шетелдіктер 20 пайыздан аспауы қажет. Мигранттарды қоныстандыру үшін шамамен 1,2 мың тұрғын үй жабылады. Бұл Түркиядан пана іздеген адамдарға да әсер етеді.

Сонымен қатар, министр заңсыз көші-қонның жолы кесілетінін айтты.

«Шекарада Түркияға 2 626 170 адамның кіруіне жол бермедік және кейінгі алты жыл ішінде ел ішінен 1 246 000 иммигрантты ұстадық», деді Сүлейман Сойлу.