Түркістанда жоғалып кеткен 11 жасар қызды іздеп жатыр

Түркістанда жоғалып кеткен 11 жасар қызды іздеп жатыр

Қыз 25 наурыз күні сағат 17:00 шамасында үйден ойнауға шығып, қайтып оралмаған.

Түркістанда жоғалған 11 жасар қызды іздеп жатыр. Жоғалған қызды іздеуге тәжірибелі полицейлер тобы жұмылдырылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Жоғалған жасөспірімнің анасы кәмелет жасына толмаған қызының 25 наурыз күні сағат 17:00 шамасында үйден ойнауға шығып, қайтып оралмағанын хабарлады.

Кәмелетке толмаған қыз туралы ақпарат пен суреті барлық полиция бөлімдеріне жіберілді.


Полицейлер жасөспірімнің баруы мүмкін жерлерді мұқият тексеріп, оның таныстарымен сөйлесті.

Учаскелік инспекторлар ойын-сауық орындары мен саябақтарды тексеруде.