Түркістан облысында өзен арналары бекітіліп жатыр

Түркістан облысында өзен арналары бекітіліп жатыр Cурет: Turkystan.kz

Арыс қаласында кешеден бері 170-ке жуық құтқарушы табиғат апатына қарсы күресуде.


Оларға іргедегі әскери бөлім қызметкерлері де көмектесіп жатыр. 15 мотопомпа және 22 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде. Су жайылу қаупі бар аймақтарға 2000 қап құм төселді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазіргі таңда жауын мен еріген қардан жиналған су Қабылсай арнасына құйылуда. Оның деңгейі кешегіге қарағанда 1 метрдей төмендеген. Тасқын судан зардап шеккендер мен қираған үй жайлар жоқ. Төрт түлік те аман. Монтайтас ауылдық округі, Қызылкөпір елді мекенінде су басу қаупі бар арық-атыздар мен жыраларды арнайы техника көмегімен тазалау, бөгеттер қою жұмыстары жүргізілуде. Ал қала көлемінде су басу қаупі бар тұрғын үйлердің айналасы құм салынған қаптармен бекітіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09