Түркістан облысында бір аптада екінші үшем дүниеге келді

Түркістан облысында бір аптада екінші үшем дүниеге келді
Сурет: Ашық дереккөз

Түркістан облысында бір аптада екінші үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Түркістан облысының № 3 облыстық перинаталды орталығында үшем дүниеге келді.

Әсел есімді Түркістан қаласының тұрғыны бір ұл, екі қыз босанды.

Жаңа туған нәрестелерге Мерей, Мансур, Мейірім есімдері берілді.

Бүлдіршіндер дәрігерлердің бақылауында, жағдайы жақсы.

Нәрестелердің салмағы 2900 гр, 2420 гр және 2500 гр болған.

Айта кетейік, бүгін таңертең Гүлназ есімді сарыағаштық келіншектің өмірге үшем алып келгенін жазған болатынбыз.