Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Cурет: Ашық дереккөз

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Шенді құрылыс компаниясының директорынан 4 млн теңге алды деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.