Түркістан облысында екі тәулік бойы іздестірілген жасөспірім Алматыдан табылды

Түркістан облысында екі тәулік бойы іздестірілген жасөспірім Алматыдан табылды Сурет: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Алматыдан тапты.


Жетісай полиция бөліміне түнгі сағат 03:00 шамасында Жылысу ауылының тұрғыны 102 нөмірі арқылы хабарласқан. Айтуынша, 13 жастағы баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Анасы баласын іздеп жүргеніне 2 тәулік болған. Нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жетісайлық полицейлер хабарлама түсе салысымен, тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы Алматы қаласындағы туысқанының үйінен тапты.


Белгілі болғандай, жоғалған бала отбасындағы дау-дамайға байланысты үйінен кетіп қалған. Қазіргі таңда жасөспірім бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман-есен қауышқан ана баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.



«Менің балам түскі уақытта белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмады. Өзім іздеп таба алмаған соң, полицейлерден көмек сұрадым. Ал Жетісай ауданының полицейлері баламды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне көп рақметімді айтамын», – деді тұрғын.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38