Түркісіб ауданында 18 көшеде жол жөнделді

Түркісіб ауданында 18 көшеде жол жөнделді almaty-akshamy.kz

Түркісіб ауданында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша қарқынды жұмыс жалғасуда.  Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.


Осы жылдың қазан айының соңына дейін «Қайрат» шағын ауданындағы тұрғын үй кешені мен мектепке 2,7 шақырым кірме жолдарды салу жұмыстары аяқталады. Бүгінде асфальттың 1-ші қабаты төселген. 2024 жылдың II-ші тоқсанында инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін қалған 5,3 шақырым жол төселеді.



Ауданда ұзындығы 24 шақырым болатын 18 көшедегі жолдарды орташа жөндеу жалғасуда. Бүгінгі таңда Сейфуллин даңғылы, Арал көшесі және Байрон көшесіндегі ұзындығы 7,7 шақырым жол жабынына асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Аудан бойынша 30 мың шаршы метр жолға   ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қалған 10 мың шаршы метрі қазан айының соңына дейін аяқталады.



Сондай-ақ, қазан айының соңына дейін ауданның
5 магистральды көшесінің бойында 23 шақырым техникалық тротуар салынады. Олар көшелерге эстетикалық сән беріп, жинау кезінде жасыл желектерді химиялық реагенттерден сақтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04