Түрксіб ауданында су басатын учаскелер жойылуда

Түрксіб ауданында су басатын учаскелер жойылуда
kursiv.kz

Жыл соңына дейін ұзындығы 6,5 шақырым (Рысқұлов даңғылынан әуежайға дейін) Кіші Алматы өзенінің арнасын кеңейтіп, тереңдету жұмыстары аяқталады, - деді Алматы қаласы әкімінің м.а. Е.А. Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

Арнаның бойымен адамдар жүретін жолдар салынып, Workout кешені және сыртқы жарықтандыру желілері орнатылған. Қазіргі уақытта төтенше жағдай желісі бойынша су басатын ұзындығы 3,8 шақырым 11 учаскені жою үшін жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні 4 мекенжай бойынша жұмыстар аяқталды, 7 учаске желтоқсан айында аяқталады.

Сондай-ақ, жыл соңына қарай Алматы-1 коллекторын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады, ол Зорге көшесіндегі жаңбыр суларын ағызып әкетуді қамтамасыз етеді.

Тұрақты су басатын ұзындығы 41 шақырым қосымша 57 учаске анықталды. Желтоқсанда су басудың алдын алу үшін жаңа арық желілерін салу жұмыстары басталып, 2023 жылы желтоқсанда аяқталады.