Түркіменстан Президентінің анасына жаңа атақ берілді

Түркіменстан Президентінің анасына жаңа атақ берілді
Сурет: Marieclaire.ru

Ол еңбек сіңірген кілемші болды.

Түркіменстан Парламенті ел Президенті Сердар Бердімұхамедовтің анасы Огулгерек Бердімұхамедоваға Түркіменстанның еңбек сіңірген кілемшісі құрметті атағын берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

Президент анасына құрметті атақ беру шешімі «Бейтарап Түркіменстан» үкіметтік газет беттерінде жарияланды.

Бұл атақ оған «Түркіменкілем» мемлекеттік бірлестігінің өтініші негізінде мемлекет тапсырысы бойынша «Түркіменстанның тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтудағы, ұлттық кілем тоқу өнерін дамытудағы, кілемдерді тамаша өрнектермен безендірудегі және көп жылғы қажырлы да адал еңбегі, кәсіби шеберлігі үшін» сіңірген еңбегі үшін берілген.

Жарлықта "Бердімұхамедова - Түркіменстанның кілем тоқу өнерін дамытуға, жетілдіруге, келешек ұрпаққа жеткізуге, киелі Отанымыздың даңқты дамуын бүкіл әлемге дәріптеуге лайықты үлес қосқан білікті кілемшілердің бірі", - делінген.

Газеттің сол нөмірінде тағы он бір кілемшіге дәл осындай құрметті атақ беру туралы Президент жарлығы жарияланған болатын.

«Түркіменстанның еңбек сіңірген кілемшісі» құрметті атағы 1991 жылдан бері мамыр айының соңғы жексенбісінде тойланып келе жатқан түркімен кілемі мерекесі қарсаңында беріліп отыр.