Түркі мемлекеттерінің Кеден одағы құрылуы мүмкін

Түркі мемлекеттерінің Кеден одағы құрылуы мүмкін
Сурет: Еl.kz

Жоба дайын.

Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстан таяуда Түркі мемлекеттерінің «Кеден дәлізін» құру туралы келісімге қол қоймақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның қызметінің негізгі бағыттары:

мүше елдер арасында тауарлар мен қызметтер саудасын арттыру, олардың санатын кеңейту;

банктердің өзара ықпалдастығын жолға қою, яғни ұйымға кіретін елдердің азаматтарына, бизнесіне банктік қызмет көрсетуді, капиталдың кедергісіз қозғалысын ұйымдастыру;

елдердің қаржылық мекемелері арасында тікелей корреспонденттік қатынастарды орнату;

заманауи ақпараттық технологиялар және халықаралық стандарттар көмегімен қаржылық қызметтер инфрақұрылымын жетілдіру бекітілді.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Үкіметі мен түркі мемлекеттері ұйымдарының үкіметтері арасындағы оңайлатылған Кеден дәлізін құру туралы» Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасын жариялады. Бұл құжат Смайылов Үкіметіне атауы осыған ұқсас халықаралық келісімге қол қою құзыретін береді.