Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде бірқатар құжатқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде бірқатар құжатқа қол қойылды
Сурет: Ақорда

Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мынадай құжаттар:
1. Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы;
2. Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім;
3. Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.

Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. Бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Сонымен қатар ҚР Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитіне қатысып, сөз сөйледі.