Түркі мемлекеттері ұйымының инвестициялық қоры құрылады

Түркі мемлекеттері ұйымының инвестициялық қоры құрылады
Сурет: Halyq Uni

Қордың мақсаты - инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету.

Түркі мемлекеттері ұйымының Инвестициялық қоры құрылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары, Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев экономика және сауда министрлерімен кездесуден кейін мәлімдеді. 

«Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономика және сауда министрлерінің 11-отырысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Түркі мемлекеттері ұйымының инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қою туралы келісімге келдік. Инвестициялық қордың құрылуы біздің көпжақты қарым-қатынастарымыздың дамуында жаңа негіз болатыны сөзсіз», - деді Ходжаев.