Түркі әлемінің жазушылар одағы бірікті

Түркі әлемінің жазушылар одағы бірікті
Сурет: Inform.kz

Бұл бастаманы ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Султан Раев көтерген. 

Бұл жайында Түркі мемлекеттері ұйымының өкілі Бақытжан Омар Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бүгін Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түркменстанның жазушылар одағы төрағалары одақ құру жөніндегі келісімге қол қойған.

«Түркі әлемінде алғаш рет құрылып отырған одақтың төрағалығына Ұлықбек Оразбайұлының кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды. Ағамыз бұл жұмысты қазіргі қызметімен қатар алып жүреді. Түркі дүниесінің жазушылары енді көптеген жобаларды бірге атқарады», - деп жазады Бақытжан Омар.