Түрік самалы

Түрік самалы

Алматыда Т.Абрашев атындағы ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтті. Концертте оркестрге түркиялық  Oğuzhan Balcı дирижерлік етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Айта кетейік, бұл кеш Түркия Республикасының 100 жылдығына орайластырылды.

Классикалық музыка концертін зиялы қауым өкілдері мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы да тамашалады. 

«2023 жылы сонымен қатар ұлы ақын, халқының сүйіктісі жане дана тұлға Ашық Вейселдің қайтыс болғанына 50 жыл толып отыр. Республикамыз құрылған күннен бері елде тыныштық, әлемде тыныштық қағидасын ұстанып келе жатыр. Түркия әлемде әйелдерге сайлау жане сайлану құқығын берген алғашкы елдің біріне жатады. 1930-шы жылдарда Нацистик басқыншылықтан құтылғысы келген Еврей ғалымдарына есігін айқара ашқан көргендігі де бар. Республикамыздың негiзiн қалаушы Ататүрік және осы елге еңбегi сіңгендердiң барлығын мейiріммен және алғыспен еске аламыз», - деді Али Рыза Акынжы.

Естеріңізге сала кетейік, Мұстафа Кемал Ататүрік негізін қалаған Түркия Республикасына биыл - 100 жыл. Еліміз тәуелсіздігін  алғанда ең бірінші болып оны түрік бауырларымыз мойындағаны жиі айтылады. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 2 наурызда, яғни Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялағаннан кейін шамамен үш ай өткен соң орнатылды.

Кеш соңында қала әкімінің атынан ықылас гүлі табысталды.