Тұрғындар өтініші ескерілді

Тұрғындар өтініші ескерілді
today.kz

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, кеше Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі ауданда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

  • 2021 жылы Наурызбай ауданына құйылған инвестиция 126 млрд теңгені құрады;
  • Шағын және орта бизнес субъектілері 11108 дана болды;
  • Мемлекеттік бағдарлама негізінде 179 субъектіге 897,1 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді;
  • «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының негізінде 150 жоба, «Еңбек 2017–2021 жылдары» 13 жоба іске асырылып жатыр;
  • 3300 жаңа жұмыс орны құрылды;
  • Аудан көшелерінің 85%, яғни 348 көше асфальтталған; • 2021 жылы жалпы есепте 150 көшеге шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілген;
  • 18 спорт алаңы, балаларға арналған 16 ойын алаңы құрылды. Сондай-ақ, Санжар Әділұлы алдағы уақытта атқарылатын жобалар тізімін де айтып өтті. Жақын арада орындалатын жұмыстардың қатарына 150 мың адамды сумен қамтитын «Ақсай» су станциясының, мемлекеттік бағдарлама негізінде 6 мектеп салудың және өзге де инфрақұрылымдық жобалардың кіргені айтылды.

Қысқаша баяндамадан кейін аудан әкімі тұрғындарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Тұрғындар тарапынан су жетіспеушілігіне, кәріз құбырларының болмауына, қауіпсіздікке байланысты және өзге де өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Аудан әкімі айтылған сұрақтардың басым бөлігіне жиын басында жауап беріп, кейбір мәселелерді жеке қарауына алатынын ескертті.

Айта кеткен жөн, ел Президентінің тапсырмасын іске асыру барысында Наурызбай ауданының әкімі С.Тоғай 5 рет көшпелі кездесу және 27 қабылдау өткізді. Оған барлығы 691 адам қатысып, 252 сұраққа жауап берілді. Оның ішінде 72 мәселе шешімін тапты, 87-сіне түсініктеме берілді және 93 мәселе қаралу үстінде.