Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту мәселесі әкімдіктің басты назарында

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту мәселесі әкімдіктің басты назарында
Сурет: Egemen.kz

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту мәселесі қала әкімінің Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде көтерілді.

Бұл мәселе де әкімдіктің басты назарында. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасы аясында 2022 жылдың басынан бастап, 8 үйдің жалпы пайдаланымдағы орындары жөнделді және 97 үйдің 190 лифтісі ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қала басшысының айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін 8 үйдегі 12 лифтіні қосымша ауыстыруды және 32 үйдегі жалпы пайдалану орындарын жөндеу жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, Саин көшесіндегі №4 үй тұрғындарының өтініші бойынша мен №4, №4/1 және №4/2 үйлердің жұмсақ шатырын қалпына келтіруді тапсырдым. Шатырларды кепілдік міндеттемелер шеңберінде мердігер ұйым қалпына келтірді», - деді қала басшысы Ерболат Досаев.