Тұңғыш Президент туралы заң күшін жоюы мүмкін бе?

Тұңғыш Президент туралы заң күшін жоюы мүмкін бе?
Сурет: Inform.kz

Осы сауалды бүгін Мәжіліс отырысынан кейін тілшілер жолдады.

Оған Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Иә деп ойлаймыз, құжаттар пакетінде қарастырылған. Бірақ шешімді тұрғындар референдумда қабылдайды. Егер бұл үшін қоғам дауыс берсе, тиісінше, мұндай шешім одан әрі қабылданатын болады», - деп жауап берді Арман Қожахметов.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньде «иә» немесе «жоқ» деген қысқа жауаптар көзделетінін түсіндірген еді.