Түнде тұман, күндіз жаяу бұрқасын

Түнде тұман, күндіз жаяу бұрқасын
ВКонтакте

Елордада және үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

20 наурызда Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының шығысында түнде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікте оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, облыстың таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда 20 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал.