Tynda мобильді қосымшасы іске қосылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚазАқпарат» қазақ және әлем әдебиетінің жауһарларын, заманауи әдеби шығармалардың қазақ тіліндегі электронды және аудио нұсқаларын қамтитын Tynda мобильді қосымшасын іске қосты.

«Tynda»-ны «Әдебиет порталы» ұжымы дайындады, оны Play Market пен App Store қосымшыларынан жүктеуге болады. Кітаптарды оқу және тыңдау онлайн да, оффлайн да режимдерінде қолжетімді.
Қолданушының кітаптың рейтингін анықтауға, қазақ және шетел әдебиетінің үздік жинақтары туралы жеке пікірін айтуға мүмкіндігі бар.
«Tynda» мобильді қосымшасы «Классикалық проза», «Классикалық поэзия», «Дала дауысы», «Абай әлемі», «Әлемдік классика» атты таңдаулы топтамалар мен «Роман», «Хикаят», «Әңгіме», «Эссе», «Балалар әдебиеті», «Сатира», «Поэма», «Өлең», «Пьеса» т.б. жанрлардан тұрады.
Мобильді қосымша интернеттегі қазақ тілінің қолдану аясының кеңеюіне және оқырман белсенділігінің артуына ықпал етеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *