Тұмау өршісе, оқушылар онлайнға көшуі мүмкін - министрлік

Тұмау өршісе, оқушылар онлайнға көшуі мүмкін - министрлік
Сурет: Turkystan.kz

Бір сыныпта оқушылардың 30 пайызы тұмау жұқтырған жағдайда, офлайн оқуды жою, он күн ішінде сыныптарға жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады.

Сондай-ақ бір инкубациялық кезең ішінде оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тұмау алғаш рет оқушыларды онлайн жүйеге көшіруі мүмкін»,- деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. 

Алайда Оқу-ағарту министрлігі бұл ұсыныспен келіспейді. Әлемде мектептерді бірінші болып ашу, соңғы болып жабу қалыптасқан. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері де мәлімдеді.

«Біз балалардың толық сапалы білім алуын маңызды деп санаймыз»,- деді ведомство өкілі.

Бұған дейін мамандар эпидемия маусымы басталғалы елде 764 247 адам тұмау жұқтырғанын хабарлаған еді.