Тыныштық үшін кірпік қақпайды

Алматы қаласының ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/13 мекемесінде мекеме бастығының кезекші көмекшісі деген жауапкершілігі үлкен қызмет бар. Жалпы, сотталғандар отыратын түзеу мекемесі қашанда қырағылықты талап етеді. Сондықтан оның міндетіне не кіреді, қандай жұмыстар атқарады? Бұл жөнінде толығырақ білу үшін ЛА-155/13 мекеме бастығының кезекші көмекшісі Е.Түркебаевпен тілдескен едік.

– Біз өзіміздің жұмыс барысында ауысымдағы қызметкерлердің кәсіптік деңгейлерін арттыруға көмектесіп отырамыз. Мекеме бастығына кезекшілік кезінде атқарылған жұмыстарымыз туралы баяндаймыз. Жазалы болып сотталғандардың қашып кетпеуін, мұнаралар мен бейнекамералар жұмыстарын жіті қадағалаймыз. Мұнарада отыратын оператор бақылаушысы мекеменің ішкі аумағына кіріп шыққандарды, камераның мониторы арқылы бүкіл мекеменің аумағындағы қозғалыстарды бақылап отырады. Келеңсіз оқиғалар байқалса, дереу МБКК-ге хабар беріледі. Бастық немесе оның орынбасарлары белгілі себептермен болмаған жағдайда, мекемеде белгіленген ішкі тәртіпті ұстануға байланысты барлық мәселе осы кезекші көмекшінің нұсқауымен жүргізіледі. Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес, мекеме аумағында және өндірістік нысандарға кіретін, шығатын адамдарды, сондай-ақ, олардың заттарын тінту жүргізуге шешім қабылдайды, – дейді ЛА-155/13 мекеме бастығының кезекші көмекшісі Е.Түркебаев.
Сонымен қатар, кезекші көмекші қызмет барысында ауысымға түскен қызметкерлер мекемеде болған оқиғалармен, сотталғандардың ішкі күн тәртіп-ережелерін сақтауын бақылап, кезекті ауысым кезінде мекеменің тыныштығына, келеңсіз оқиғалар болдырмауға сақ қарап, заң бұзушылыққа жол бермейді. Түзеу мекемесінде төтенше, апатты жағдайлар, жаппай улану, жазасын өтеп жатқандар арасында өлім-жітім және тағы да басқа оқыс оқиғалар орын алмас үшін, олар да кәсіби біліктіліктерін арттырып, ауысым қызметкерлерінің барлығы әрдайым дайындықта жүреді. Қауіпсіздік – тыныш өмір сүру кепілі.

Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *