Twitter-ді Илон Маск сатып алды

Twitter-ді Илон Маск сатып алды
Сурет: iXBT.com

Компанияның Директорлар Кеңесі оның ұсынысын қабылдапты.

BBC агенттігінің ақпаратына сәйкес, Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Twitter-дің иелеріне компанияны сату туралы ұсыныс жасаған Илон Маск бұл әлеуметтік желінің әлеуеті зор екенін және оны өзінің іске асыра алатынын мәлім етті.

Сәуір айында Маск Twitter-дің 9,2% акциясын 2,89 миллиард долларға сатып алып, компанияның ең ірі акционері атанды. Маск компания акционерлерін шақырып, олармен қаржылық мәселені талқылады.

Акционерлердің қысымына ұшыраған Twitter бір акцияға 54,20 доллар ұсынған Маскпен келіссөздерді бастады. Бұл жаңалық шыққан кезде Twitter акцияларының биржадағы бағасы 6%-ға көтерілді.

Ағымдағы мәміленің бағасы Масктың акциялардың 9%-ын сатып алуы туралы хабарландырудан бір күн бұрынғы сауда қорытындысымен салыстырғанда 40% жоғары болып тұр.