Туристерге салынатын жаңа салық бір шыны кофеден қымбат болмайды

Туристерге салынатын жаңа салық бір шыны кофеден қымбат болмайды
сурет:avianews.kz

Қазақстанда шетелдіктерінен алынатын bed tax туристік жарнасы енгізілді.

Қазақстанда шетелдіктерінен алынатын bed tax туристік жарнасы енгізілді. Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қонақ үйлерге bed tax салығын салу механизмін түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдіктерінен алынатын bed tax туристік жарнасы енгізілді. Пандемиядан кейін нарықты қалпына келтіру мақсатында өткен жылы туристік жарна нөлдік мөлшерлемеде бекітілді. Ал биылдан бастап сала дамуының оң серпінін ескере отырып, жарна бойынша 5%-ға дейінгі мөлшерлеме қолданылады.

Осы норманы талқылау мақсатында елордалық қонақүйлер жауапты мемлекеттік органдардың, оның ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қаржы министрлігінің өкілдерімен кездескен.

«Бұл - туризм саласын қаржыландырудың тағы бір көзі. Мемлекет басшылығы, қоғам, бизнес өкілдері біздің алдымызға қойған міндеттерді толық ақтау үшін тұрақты қаржыландыру қажет. Халықаралық практикада ол үшін bed tax-ты қолданады. Алысқа бармай, мұндай салым түрі көршілес Ресей мен Өзбекстанда да бар», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев кездесуде.

Вице-министрдің айтуынша, елімізге жылдан-жылға сырттан келетін туристердің саны өсіп келеді, bed tax арқылы бюджетке жыл сайын кемінде 2,5 млрд теңге түсуін болжауға болады.

«Туристік жарнадан түскен қаражат туризмді әрі қарай дамытуға жұмсауға болады. Мысалы, Абай облысы қонақ үйлері жинаған қаражат сол облысқа жол салу, туристік жерлерде дәретханалар салу жалпы туристік инфрақұрылымға, Абай облысын жарнамалауға бағыттау әбден мүмкін», - деді Ержан Еркінбаев.

«Туристік жарна мөлшерлемелерін өңірдің әрбір мәслихаты шетелдіктердің келу динамикасына байланысты дербес белгілейді, яғни, бір облыстың аудандары мен қалаларында әртүрлі ставкалар қолданылуы мүмкін, бірақ кемінде 1%-ды, ал максималды мәні - 5%-дан аспау тиіс. Сондай-ақ, мөлшерлемелерді маусымдық жүктеме негізінде өзгертуге болады», - деп түсіндірді Дастан Рыспеков.

Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда мөлшерлемелер еліміздің 31 қаласы мен аудандарында бекітілгенін атап өтті. Астана және Алматы қалаларында 5% мөлшерінде бекітілген, ал кейбір өңірлерде бекіту әлі де жалғасып жатыр.

Кездесуде қонақ үй басшылары туристік жарнаны енгізу процесінің тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ шетелдік туристердің мұндай төлемдерге ықтимал реакциясы туралы, шетелдіктер үшін бұл жарна бір шыны кофеден қымбат болмайтыны айтылды.