Туған үйiмiздi ұмытпаймыз, – дейдi балалар үйiнiң түлектерi

Рая ЕСКЕНДIР

Бостандық ауданы «Орбита-3» ықшамауданындағы 27-үйде орналасқан №1 балалар үйi өз қабырғасынан ұшқан түлектердiң басын қосып, тұңғыш рет сағынышты кездесу өткiздi. Жылышырайлы, жүрек тебiрентер сәтке толы кештi «Нұр Отан» ХДП Бостандық аудандық филиалы мен «Ақ ниет» корпоративтiк қоры ұйымдастырды. Кешегi бейкүнә перiште балалардың алды бүгiнде бiр-бiр үйдiң отағасы атанса, салмақты, құшағындағы бейқам ұйқыдағы сәбиiне емiрене қарап, аналық сезiмiн бiлдiрген үш-төрт отанасы да осында. Олардың жүзiнен төгiлген аналық мейiрiмдi көргенде «бiр кезде осыларды да аналары тастап кеттi-ау» дейсiз ерiксiз. Aздерiнiң түлеп ұшқан босағаларына Алматының бұрыш-бұрышынан ағылған отыздан астам түлек бiр-бiрiн көрген сәтте құшақтарын айқара ашып, сағыныштарын баса алмай ұзақ тұрды. Осы босағаны үш жастарынан аттап, кәмелетке келгенде азамат болып аттанған ұлдар мен қыздардың бүгiнгi қуаныштарын тiлмен айтып жеткiзу мүмкiн емес. Aздерi ауласында алаңсыз ойнап, бақытты балалық шақтарын өткiзген балалардың бiр кездегi өмiр жайлы түсiнiгiнiң қандай болғаны белгiсiз. Ал бүгiнгi көңiл-күйлерi тiптi өзгеше. Сөздерi салмақты, ойлары орамды. Ата-анасы бар балалардың алыса-жұлыса кететiн ерке әдеттерi бұлардың бойында мүлдем жоқ. Олар осылайша бiр-бiрiн құшақтаған қалпы кезiнде талай ертеңгiлiктер, белгiлi кiсiлермен кездесулер өткiзген мәжiлiс залына келдi. Қазiргi тәрбиеленiп жатқан 137 бүлдiршiннiң ең өнерлiлерiнiң ағаапаларына арнаған көңiлдi бағдарламасын тамашалады. Адамның жастық шағы қаншалықты қызыққа толы болса, соншалықты қиындыққа да толы болып келедi ғой. Бұл ретте балалар үйлерiнде тәрбиеленiп, өздiгiнен өмiр жолын бастаған бозбала мен бойжеткендерге оңайға түспейдi. Aйткенi, мемлекет атты ата-анасының тiкелей қамқорлығында болып, қиындықты сезiнбей, тек ата-ана алақаны мен жүрек жылуына ғана кенде болып өскен балалар қиындыққа бiрдей төселiп кете алмайды. Алғашында балалық бал дәуренi өткен осынау үйдi жағалап кеткiсi келмесе, әлi күнге құжатының дайын еместiгiн сылтауратып осы босағаны сағалап жүргендер аз емес көрiнедi. – Aткiзiлiп отырған шарамыз бiрiншi болғанымен, бiздiң түлектерiмiз өз шаңырақтарына өте жиi келiп тұрады, өздерiнiң ұшқан ұяларын ұмытпайды. Бүгiнгi шараның басты ерекшелiгi – олардың барлығының бiр күнде жиналуы, – дейдi №1 балалар үйiнiң меңгерушiсi Зияда Нағашыбайқызы. Туған шаңырақтарының астында бас қосқан түлектер бұл күнi өздерiнiң атқарып жатқан жұмыстары жөнiнде сыр бөлiсiп, ат жалын тартқан азамат екендiктерiн танытып, өздерiнiң тәрбиешiлерiн бiр қуантып тастады. Балалар үйiнен қанаттанған түлектердiң арасында Айман Едiгеева Алматы технологиялық университетiнде грантта оқыса, Балқия Минбарханова, Роман Ахметов, Нұргүл Каршенева да осы университетте үздiк оқып жатыр. Ал Райымжан Ержанов болса өзi армандаған мамандық иесi болу үшiн Энергетика және байланыс институтын таңдаған. Қазiр 3курсында оқып жүр. Балалар үйiнiң тағы бiр түлегi – Фарух Мұхтаров екi бiрдей университеттi тәмәмдап, дәл қазiргi кезде «Темiрбанкте» қызметкер. Осындағы балалардың ең жақын адамы, сүйкiмдi Мәулен Жүсiпов IТ университетiн тәмәмдап, сол оқу ордасының қалауымен сонда қызмет етуде. Aмiрдегi қосағын да сол шаңырақтан тауыпты. Кiшкентай перзенттерiнiң қылықтарын айтып, рахаттана күледi. Бала күнiнен ойыншық үй құрастырып, «шаршапшалдығып» жүретiн бұйрабас сары Рүстам Мажаров бүгiнде құрылыстың қас шеберi. Зәулiм үйлерге еуропалық жөндеу жасаумен айналысады екен. Келешекте балалар үйiне күрделi жөндеу жүргiзсем деген арманын ақтарып салды. Осы босағада тәрбиеленiп, өмiрдегi орнын сәттi тапқан Нұржанат Сарғасқаева бұл кездесуге үш жасар қызы Нұргүл мен күйеуi Гелмединмен бiрге келiптi. – Туған үйiме келгендей боламын. Шынымен, туған үйiмiз ғой. Осында тәрбиелендiм. Көп достар таптым. Алматыдағы №18 колледждi, сосын №1 лицейдi тәмәмдадым. Енем өте тамаша кiсi болып шықты. Жолдасым екеуi үнемi көңiлiме қарайды. Осы жандарды кездестiрген соң өмiрдегi көрген қиыншылықтың бәрiн ұмытып кеттiм. Қазiр «Каменкада» өз үйiмiз бар», – деген Гүлжанат қазiр бала күтiмiне орай үйде отырғанын жеткiздi. Жарқ-жұрқ еткен жүзiнен тағдырға деген ешбiр ренiш бiлiнбейтiн Балқия үздiк оқумен қатар, еңбектi де қатар алып жүр. Бүгiнде ол «Мирас» мектебiнде аспазшы болып еңбек етедi. Ал билегенде табаны жерге тимейтiн, қағiлез қара қыз Айман Едiгеева заманауи биден 2009-2010 жылдарда басты орынды иемденсе, өзi де балауса бишiлердi тәрбиелеп жүр. Қолы босай қалса, балалар үйiнде тәрбиеленiп жатқан кiшкентайларды да осы өнерге баулуға тырысады. – Болашақта ата-анасы жоқ балалар үшiн үлкен бiр үй тұрғызып, сол жерде тәрбиелегiм келедi, – деген тiлегiне құрдастары «жетiм балалар көбеймей-ақ қойсыншы» деген тiлек айтқанда, бәрiмiздiң тамағымызға ащы өксiк тығылды. Қанша дегенмен, бұл балалар өмiрдiң ащысы мен тұщысын қатар татып өскен, суық пен жылыға бiрдей төзiмдi Және өздерi өте көпшiл, бауырмал, барға қанағат етiп, жоққа шүкiршiлiк етуге үйренген. Балалар үйiнде тәрбиеленушiлердiң өзге балалардан айырмашылығы – кез-келген кiсiге бауыр басып кете алмайтындығы және бiрге өскен достарына деген адалдығы. Қандай да бiр шаруаны қолға алса, ең алдымен достарын iздейдi. Бiр жұмысты бастаса, мiндеттi түрде балалар үйлерiндегi достарымен бiрiгедi. Aзгеден гөрi, өздерiне сенiмдi. Aмiр оларды осылай үйреткен. Балалар үйлерiне бас сұқсаңыз, ең алдымен ондағы кiшкентай тұрғындардың тым қонақжай екенiн байқайсыз. Бұл үйдiң балаларына да тән нәрсе – қонақтарға бар өнерлерiн көрсетiп, көңiлдерiн көтерiп шығарып салмақ. Балалар үйiнiң кiшкентай тәрбиеленушiлерi де бұл кеште қонақтардың көңiлiне қуаныш ұялатты. Осынау кеште балалардың iзгi қадамына өз қуанышын бiлдiре келген қалалық Мәслихат депутаты Серiк Абдуллаев та ақжарма тiлегiн жолдады: – Балалар үйiне менiң үнемi бүйрегiм бұрып тұрады. Aйткенi, менiң анам да балалар үйiнде тәрбиеленген. Және әрбiр келген сайын балалардың табысына қуанып, көңiлiм көтерiлiп қалады. Бүгiн де балаларды көрiп көңiлiм бiрде өсiп, бiрде босап отыр. Сiздерге қарап отырып «Шiркiн, менiң де осыншама бауырларым болғанда ғой» деген ой келедi. Шынымды айтсам, бiр жағынан сiздерге қызығып отырмын, — деген Серiк Қалықұлының шынайы тiлегiне балалар үйiнiң түлектерi де аса тебiренiспен қол соғып, қошемет бiлдiрдi. Бұл жолы да қайырымды демеушi балалар үйiне құрқол келмей, бағалы сыйлықтар тарту еттi. Туған шаңырақтарында табысқан түлектер өздерiнiң бөлмелерiн аралап шықты. Және осы үйдiң қабырғасында өсiп жатқан кiшкентай бүлдiршiндердi көрдi…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close