Қолжетімді тағы бір цифрлық қызмет іске қосылды

Қолжетімді тағы бір цифрлық қызмет іске қосылды
Сурет: Kaznu.kz

Президент реформалары: айтылды – жасалды

Сондай-ақ жыл басынан бері egov.kz міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге қолжетімді болды. Рәсімдеу үшін порталға кіріп, тиісті өтінімді толтыру жеткілікті.

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтарға қолжетімді тағы бір цифрлық қызмет іске қосылды. Ол ЖШС-ны тез әрі қиындықсыз тіркеуге мүмкіндік береді.

Бұл үшін сізге тек смартфон және аз ғана уақыт қажет. Нақтылай айтқанда, біз банктік мобильді қосымшамен биометриканы қолдану арқылы кіріп, «ЖШС тіркеу» қызметін таңдаймыз. Барлық қажетті жолдарды толтырғаннан кейін өтінімге қол қоямыз және кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарламаны дереу аламыз. Қалғанын жүйе өз бетінше атқарады, яғни хабарлама автоматты түрде мемлекеттік кірістер мен статистика органдарына жіберіледі және параллельді түрде жаңа ЖШС үшін банкте есепшот ашылады.

«Цифрлық» кейінге қалдыру қызметі

1 наурызда ақпараттық жүйелерде бар азаматтардың цифрлық деректері негізінде онлайн режимде әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату бойынша қызмет іске қосылды.

Аталған қызмет азаматтарды талап етілетін құжаттарды жинаудан және әскери комиссариатқа бару қажеттілігінен босатады.

Сонымен қатар жақын арада әскери есепке міндетті тіркеуді және шығаруды тоқтату туралы шешім қабылданады. Енді тұрғылықты жерін ауыстырған кезде әскери міндетті немесе мерзімді әскери қызметшіні тіркеу және есептен шығару жергілікті әскери басқару органдарына бармай-ақ автоматты түрде жүзеге асырылады.