Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер отбасына 5 жылдық қызметтік қаржы төленеді - Тұрғымбаев

Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер отбасына 5 жылдық қызметтік қаржы төленеді - Тұрғымбаев
Сурет: Elorda.info

Қайтыс болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсетілуде

Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев еліміздегі тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Жақында қаңтарда террористер қолынан полиция мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қайтыс болды, 2911-і жарақат алды. Ерлікпен қаза болғандар ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Одан бөлек, заң бойынша қызмет міндетін атқару барысында қайтыс болған қызметкердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді», - деді Ерлан Тұрғымбаев.