Тоқаев Семейде Достоевскийдің 200 жылдығына іс-шара ұйымдастыруды ұсынды

Тоқаев Семейде Достоевскийдің 200 жылдығына іс-шара ұйымдастыруды ұсынды
Сурет: Inform.kz

Ф.Достоевский Семей қаласында 5 жыл бойы жұмыс істеген.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Федор Достоевскийдің 200 жылдығына арналған атаулы іс-шара ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстанда этникааралық диалог дәстүрінің тамыры тереңде жатыр. Мәселен, көрнекті зерттеуші Потанин Григорий Алексеевичті  Алаш қайраткерлері "құрметті ақсақал" деп атаған. Потаниннің қазақ тілінде сөйлегені, халқымыздың мәдениетін, тұрмысын және тарихын зерттегені белгілі. Қазақтың танымал ғалымы Шоқан Уәлихановпен достық қарым-қатынаста болған. Биыл ЮНЕСКО қамқорлығымен Шоқан Уәлихановтың тағы бір досы, әлем әдебиетінің классигі Достоевский Федор Михайловичтің 200 жылдығы аталып өтеді. Меніңше, еліміздің тарихи орталықтарының бірі – Семейде осынау датаның күніне орай атаулы іс-шара ұйымдастыру керек», - деді Мемлекет басшысы.

Ф.Достоевский Семей қаласында 5 жыл бойы жұмыс істеген. Қалада жазушының әдеби-мемориалды музейі орналасқан. Осы музей-үй бүкіл әлем туристері үшін мәдени-танымдық нысанға айнала алады.

«Мәдениеттердің бір-бірімен араласуында шекара жоқ. Ол халықты рухани байытады. Бұл менің нық сенімім. Қазақстанда Александр Пушкиннен бастап «Еділде казакпын, Жайықта қазақпын» деп айтқан Нобель сыйлығының лауреаты Михаил Шолоховқа дейін орыс әдебиетінің көптеген классигі шабыт алған еді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.