Тоғыз банк таратылатын болды

Тоғыз банк таратылатын болды
Сурет: Freedom24.kz

Банктердің мүлкін сату туралы ақпарат таратылатын банктің сайтында жарияланады.

Қазақстанда тоғыз банк таратылу алдында тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік лицензиялары  қайтарып алынған банктерді тарату өндірісінің  тәртібі, процесі және қазіргі жай-күйі туралы мәлімет берді.

«Қазіргі уақытта 9 банк – Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan таратылу сатысында», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Аталған агенттіктің мәліметінше, банк қызметін тоқтату кезіндегі негізгі мақсат – кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олармен есеп айырысуды қамтамасыз ету және банктің барлық операциясын аяқтау.