Тоғыз айдың табысы 3,4 пайызды құрады

Тоғыз айдың табысы 3,4 пайызды құрады
kursiv.kz

Қаңтар мен қыркүйек арасында Қазақстан экономикасының өсімі 3,4 пайызға дейін жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,4 пайызға дейін артты. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы динамиканың жандануы, нарықтық сектордағы өсу қарқының сақталуы, сауда балансының оң сальдосы, нарықтың нығаюы және өңдіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділік байқалуда», - деген ведомство басшысы аталмыш 9 айда нақты сектордағы өсім 3,5 пайызға жеткенін де атады.

«Қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік 2,9 пайызға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтан, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетті. Сондай-ақ, ауыл шаруашлығында да оң жоғары өсім байқалып отыр», - деді министр.