Тойды уақытша тоқтату керек - Премьер-Министрдің орынбасары

Тойды уақытша тоқтату керек - Премьер-Министрдің орынбасары
Сурет: Inform.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты мерекелер мен жиындарды тоқтату керектігін айтты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz 

«Бүгінде елдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақталды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда коронавирус індеті өршіп барады. Сондықтан маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т.б. алдын алу шараларын қолдану қажет. Тойды, жиынды, отбасылық мерекелерді, негізсіз басқосуды, қыдыруды уақытша тоқтату керек! Ауру адамдар оқшаулануы керек! Бұл – бүгінгі күннің, бүгінгі жағдайдың  талабы! Бұл – айналадағы сіз жақсы көретін адамдарға қауіп төндірмеудің жолы! Бұл – саналы қоғамның әр азаматының мойнына алатын жауапкершілігі! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік, ағайын! Барлық қолданылып жатқан шаралар халқымыздың денсаулығын қорғауға бағытталғанын тағы да атап өтемін. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Сондықтан, құрметті қазақстандықтар, сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілеймін», – деді Ералы Тоғжанов.