Той-томалақ тоқтамай тұр

Той-томалақ тоқтамай тұр
Сурет: Кp.ru

Той тойлайтын заман емес!

Қалада 40 мониторингтік топ жұмыстарын жалғастыруда. Демалыс күндері олардың жұмысы тіпті күшейтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал КВИ-дің мутацияланған «дельта» штамына байланысты ушыға түсуде. Алматыда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 1219 жағдайы тіркелген.

Карантин шектеулері жұмыс режимі мен келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтамайтын ойын-сауық орындарында жиі анықталады. Өткен демалыс күндері Бостандық ауданының мониторингтік тобы Дулати көшесінің бойында орналасқан 18 мейрамхана мен банкет залын тексерді. Екі мекемеде карантиннің бұзылуы анықталды. «Bi Kumis» салтанат залында 85 қонақтың қатысуымен құдалық өткен, ал «Ұлытау» мейрамханасында 45 адамға есептелген туған күн өткізілген. Той ұйымдастырушылары ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп бұзушылар тізімінде Медеу ауданындағы «Атмосфера» мейрамханасы да бар, онда 24 шілдеге қараған түні 100-ге жуық адам болған. Наурызбай ауданындағы «Гранада Холл» мейрамханасында да бұзушылық тіркелді, онда салтанатты іс-шараға 100-ден астам адам жиналған. Сол ауданда  «Самир» мейрамханасында 100-ге жуық қонақ болған.

Алмалы ауданындағы «Кино» кафесінде де карантин талаптары бұзылды, онда 60 адам болған. 25 шілдеде түн ортасында Медеу ауданының «Late night show» барында 110-120 адам жиналған.

Тәртіп бұзушылардың тізіміне Наурызбай ауданының «Бақ сарай» мейрамханасы да ілінді, онда 100 қонақ болған. Сондай-ақ, 90 келуші болған  «Сұлтан сарай» мен «Нұр-Ай» мейрамханаларында бұзушылықтар анықталды.

Әуезов ауданының мобильді топ өкілдері 24 шілде күні «Жетісу-4» шағынауданындағы «Веселидзе» дәмханасындағы бұзушылықтарды анықтады. Жазғы террассада келушілердің саны 50%-дан асуына байланысты карантин шектеуі бұзылды. Сондай-ақ, қызметкерлер келушілерге бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Жалпы, жыл басынан бері карантиндік шараларды бұзған 2767 нысан анықталып, 4798 хаттама толтырылды. Заңды тұлғаларға 167 млн. теңгеден астам сомаға 479 хаттама жасалды.  Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 190 млн. теңгеге жуық сомаға 4319 хаттама толтырылды.