Біздің мақсатымыз – әлемге Қазақстанның көрікті жерлерін ғана көрсету емес...

Біздің мақсатымыз – әлемге Қазақстанның көрікті жерлерін ғана көрсету емес... Сурет: Kazakhstan Today

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барғанда осылай деді.


Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, компания төрағасы Талғат Аманбаев ұйым жұмысының негізгі бағыты, туризм саласын дамытудың аспектілері және болашаққа жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Кездесуде Дәурен Абаев еліміздің рекреациялық, туристік әлеуетін арттыру ісінде компанияға ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.



«Біздің мақсатымыз – әлемге Қазақстанның көрікті жерлерін ғана көрсету емес екендігін түсінуіміз қажет. Сонымен қатар біз халықаралық инвесторлармен ынтымақтасуға, инфрақұрылымды дамытуға және Қазақстан туралы толығырақ білгісі келетін барлық адамдар үшін тиісті жағдай жасайтын, өз міндеттемелерін қатаң орындауға дайын ашық мемлекетті ұсынуға тиіспіз. Бұл ел экономикасына туристік саланың үлесін арттыруға және оның шетелдегі оң имиджін нығайтуға мүмкіндік береді», - деді Дәурен Абаев.



Сондай-ақ министр бүгінде мемлекет туристік бағыттардың инфрақұрылымын сапалы жаңартуға елеулі инвестициялар салып жатқанын, елге туристерді тарту үшін, Қазақстанның туристік саласын дамытуға қаражат салуға дайын инвесторлар үшін түрлі жеңілдіктер мен преференциялар ұсынылып отырғанын айтты. Сөз соңында Дәурен Абаев туризм саласы мен Kazakh Tourism компаниясының алдында тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45