Tour of Almaty 2022 веложарысы тәмамдалды

Tour of Almaty 2022 веложарысы тәмамдалды
Суреттер: Қ.Қонысбаев

Алматылықтар үшін бұл веложарыс дәстүрге айналған

Осымен аталған жарыс 7-рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тек соңғы екі жыл пандемия кезінде өтпей қалды. Енді міне қайта жанданды. Сондықтан оған қызығушылық жоғары. Жарыс таңғы сегізде басталды. Ең алдымен 14 шақырым қашықтыққа жасөспірімдер  жүріп өтті.

Олар мәрені бір сғатта бағындырды. Одан кейін 32 және 52 қашықтыққа қатысуатын велошабондоздар жолға шықты.

Көбінесе басым бөлігі десек те болады Алматы қаласының тұрғындары және Қазақстанның өңірлерінен келіп жатыр. Кәсіпқойға жақын велоспортшылар десек те болады. Көрсетіп жатқан нәтижелері уақыты жаман емес. Өте жақсы жылдам келді. Әсіресе, мәреден Розыбакиев көшесімен артқа қарай жылдам жүрген кезде тамсанып қаласың жылдамдығына қарап, - деді ұйымдастырушы Иса Қалқа.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл дода  халықаралық сипат алып жатыр. Оған қатысу үшін шетелден арнайы келгендер бар.

Қазір мегополисте әуесқой велоспортшылар мен велоклубтар саны артып келеді. Мұны бүгінгі шарадан байқауға болады. 32 және 52 шақырымға шыққандар да мәрені сәтті бағындырды.