Төрт миллионға жуық қазақстандық ревакциналаудан өтті

Төрт миллионға жуық қазақстандық ревакциналаудан өтті
Сурет:Mgppu.ru

Екпе алушылар қатары өсіп келеді.

Коронавирусқа қарсы екпе алушы қазақстандықтар саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі мәліметі бойынша, Қазақстанда I компонентпен 9 481 030 адам, II компонентпен 9 237 023 адам вакцина салдырды, ал 3 887 564 адам ревакциналаудан өтті.

 PFIZER вакцинасын алған адамдар саны 1 051 672 адамға жетті.