Томас «Барыстан» кетті

Томас «Барыстан» кетті
Сурет: Нabseyesontheprize.com

«Барыс» канадалық шабуылшымен қош айтысты

Канадалық шабуылшы Кристиан Томас «Барыс» хоккей клубынан кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді. 

Ресми хабарламаға сәйкес, келісімшарт қос тараптың өзара келісімі бойынша бұзылған.

Еске сала кетейік, Томас «Барысқа» осы жазда ауысып келген болатын. Ол ҚХЛ аясында 9 матчқа қатысты.