Тоқтамыс Меңдібай: Халықтың жағдайын көтеру шараларын алдын ала жоспарлауымыз керек

Тоқтамыс Меңдібай: Халықтың жағдайын көтеру шараларын алдын ала жоспарлауымыз керек
Сурет: Мagazine.neftegaz.ru

Геолог маман Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының айқан сөзіне қатысты өз пікірін білдірді.

Геология саласының маманы Тоқтамыс Меңдібай мұнай өндіру тиімсіз, пайдасынан шығыны көп.Сол себептен мемлекет азаматтарын болашақта жұмыспен қамтамасыз еті үшін алдын ала жоспар жасау керектігін айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысы халықтың табысы орташа республикалық деңгейге жетпейді, бірқатар өңірде тіпті азайып, минусқа кеткен деді. Әкімдер жыл сайын әр 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашуы керек еді, бірақ бұл бағытта да нәтиже жоқ. Жұрт мұнай өндіретін компанияларға жұмысқа тұрғызуды жиі талап ететін болған. Бірақ Президент Жаңаөзендегі кен орындарының көбі сарқылып жатқанын ашық айтты. Геология саласының маманы Тоқтамыс Меңдібай да мұнай өндіру қазір тиімсіз, халықтың жағдайын көтеру шараларын алдын ала жоспарлауымыз керек дейді.

«Мұнай болсын, түсті металл, алтын болсын бәрі кеңес кезінде зерттелген. Қазір олардың бәрі сарқылуға дайын. Барлығы дерлік оның ішінде жаңағы Жаңаөзен, Теңізшевройл болсын, Қашағаннан басқасының бәрінің қоры сарқылуға таяу. Енді ары қарай мұнай өндіру тиімсіз, пайдасынан шығыны көп. Ал ол жерде қанша адам отыр. Олар ертең немен айналысады? Осының бәрі алдын ала жоспарланып, бүгіннен бастап қабылдануы тиіс емес пе», – деді техника ғылымдарының докторы Тоқтамыс Меңдібай.