Токиода спортшылар киген киімнің бағасы қанша тұрады?

Токиода спортшылар киген киімнің бағасы қанша тұрады?
Сурет: Olympic.kz

Бұдан бұрын біздің елдің олимпиадалық киімі Форбс журналының таңдауына іліккенін хабарлағанбыз.

Бір спортшыға берілген киімнің құны 355 мың теңгеге шыққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл ақпаратты жариялаған 31 арнаның мәліметінше, олимпиадалық күрте – 150 мың теңге, капюшон – 110 мың теңге, шалбар 60 және футболка 35 мың теңге. Бүкіл жиынтық 355 000 теңгеге шыққан.

Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасына арнайы форма тіктірілді. Дизайнер Салтанат Баймұхамедова уақыттың тығыздығына байланысты киімге қажетті материал Тайваньнан ұшақпен жеткізілгенін айтады. Сол үшін де форманың бағасы қымбатқа шыққан. Оның үстіне, әрбір киім әр спортшының өлшеміне сай арнайы тігілген. Қазір форманың бәрі сатылып кеткен. Алдағы уақытта арзан нұсқасы жасалмақ.