Токио жайлы бес қызықты дерек

Токио жайлы бес қызықты дерек
Сурет: Ru.wikipedia.org

Жапония астанасы жаһандағы аса ірі Һәм дамыған шаһарлардың қатарына кіреді. Осыған орай күншығыс елі туралы 5 қызықты мәліметпен бөлісеміз.

Биылғы XXXII Олимпиада ойындары дәл осы шаһарда болып жатыр. Әлемдегі алып мегаполистің қызықты жақтары мен өмір сүру ерекшеліктеріне назар аударылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

• Токио қаласын бүгінгі жапондықтардың ата-бабалары тас балталар дәуірінде де мекендеген. Арада сан мыңдаған кезеңдер өтсе де, қала өмір сүруін жалғастырып келеді.

• Өзінің иесіне деген адалдығының арқасында бүкіл әлемге әйгілі ит Хатико өлгенше қожайынын дәл осы жерде тосқан. Нақтырақ айтсақ, Токиодағы Шибуя станциясында күтіпті. Дәл сонда оған арнап ескерткіш орнатылған.

• Токио - дүниежүзіндегі ең қауіпсіз әрі үлкен қала. Мұнда жүріп-тұрудың соншалықты қауіпсіздігіне таң қаласыз. Тіпті 1 сыныптың оқушысы қоғамдық көлікте әрі-бері қатынас жасай беретін көрінеді.

• Жапония астанасының маңындағы халық қаланың өзіне қарағанда екі есе көп. Ең қызығы, қала мен оның айналасында 35 миллионнан астам адам тұрады. Бұл Черногория халқынан шамамен 60 есе көп.

• Ел астанасы Жапония аумағының небәрі 0,6%-ын ғана алады. Бірақ жалпы ішкі өнімнің үштен бір бөлігімен қамтамасыз етеді.