Токио Олимпиадасында отандастарымыз өнер көрсететін спорт кешендері

Токио Олимпиадасында отандастарымыз өнер көрсететін спорт кешендері
Сурет: 24.kz

Олимпиадалық спорт кешендеріне саяхат.

Еліміздің құрамасы жауапты сәтке тыңғылықты дайындалып жатыр. Olympic.kz Олимпиада ойындарында отандық спортшылардың бақ сынайтын спорт кешендерімен таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Prosports.kz сілтеме жасап.

Көптен күткен ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары кезінде барлығы 40-тан астам спорт нысандары қолданылады. Олардың 33-і Токиода орналасқан. Басқа құрылымдар Жапония астанасынан тыс жерде өтеді. Сонымен қатар, объектілер географиялық тұрғыдан «Мұра аймағы» және «Токио шығанағы аймағы» кластерлеріне бөлінеді.

Спорт кешендерінің бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз:

National Olympic Stadium
Спорт түрлері: Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты, жеңіл атлетика

Makuhari Messe
Спорт түрлері: Күрес түрлері, таеквондо, фехтование

Nippon Budokan
Спорт түрлері: дзюдо, каратэ

Ariake Gymnastics Centre
Спорт түрлері: Көркем және спорттық гимнастика

Musashino Forest Sport Plaza
Спорт түрлері: Қазіргі бессайыс (семсерлесу)

Tokyo Aquatics Centre
Спорт түрі: Жүзу, әртістік жүзу

Sapporo Odori Park
Спорт түрі: Жеңіл атлетика (спорттық жүріс)

Izu Velodrome
Спорт түрлері: Тректегі велоспорт

Фотосуреттер: tokyo2020, olympteca

Сондай-ақ, Токио Олимпиадасы 23 шілде және 8 тамыз аралығын қамтиды.