Токио Олимпиадасы ойындары басталуда

Токио Олимпиадасы ойындары басталуда
Сурет: Sportrg.ru

Көптен күткен дода

Халықаралық Токио-2020 Олимпиадасының бірінші жарыс күнінің бағдарламасы белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 23 шілде күні, Жапония астанасы Токиода жанкүйерлер асыға күткен XXXII жазғы Олимпиада ойындары басталады. Бір жылға кейінге шегерілген 2020 жылғы Олимпиада ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және Жапония билігінің талап-ережелеріне сай өткізіледі. 

Olympic.kz-тің мәліметі бойынша, Олимпиаданың алғашқы күніндегі отандық спортшылардың жарыс кестесін назарларыңызға ұсынылады. 

Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан және Токио қалаларындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең. Ойынның алғашқы жарыс күнінде садақ атудан үш қазақстандық спортшы және академиялық есуден Қазақстан командасының өкілі іріктеу кезеңін бастайды. 

TeamKZ мүшелерінің жарыс кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Садақ ату. Ерлер:

Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин.

Басталуы: 10:00. 

Академиялық есу, іріктеу:

Владислав Яковлев

Басталуы: 5:30

Токио Олимпиадасында әлемнің 200 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық спортшы спорттың 33 түрінен бақ сынайды. Атлеттер жалпы есебі 339 жүлде жиынтығын сарапқа салады. 

Дүниежүзілік Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 17:00-де басталады.