Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін

Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін
Сурет:News.sportbox.ru

Жапония тұрғындарының 55% Олимпиадаға қарсы болып отыр.

Коронавирус пандемиясы кесірінен 2021 жылға қалдырылған Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сайтына сілтеме жасап.

"Токио-2020" Олимпиадасының президенті Сейко Хасимото: «Мәселе біздің адамдарды қаншалықты бақылап, иегере алатынымызға байланысты. Егер ойын уақытында инфекция таралу қаупі жоғары болып, оның салдарынан төтенше жағдай орнайтын болса, көрерменсіз-ақ өткізуге дайын болуымыз керек», - дейді.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті өкілдерінің онлайн кездесуінің 20 наурыздағы қорытындысы бойынша, шетелдік қонақтар кіргізілмейді деп хабарланған. Ал үкімет тарапынан инфекциядан қорғану қауіпсіздігін сақтай алмай қалу күмәні жергілікті халықтың да ойындарды тамашалауы туралы пікірталас тудырып отыр.

Қоғамдық пікірді білу үшін жүргізілген соңғы сауалнама нәтижесі тұрғындардың 55%-ның Олимпиадаға қарсы екендігін көрсетіп отыр.

- Олимпиада кезінде де, одан соң да толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес, - деп есептейді жапондық инфекционист, Тохоку университетінің профессоры Хироси Ошитани.

«Үкімет пен Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті, сондай-ақ Олимпиада комитеті қауіпсіз Олимпиада өткізетіндіктерін айтып отыр. Бірақ бәрі де қауіптің барын біледі. Олимпиада ойындарынан кейін Жапонияда және басқа елдерде де инфекция тарап кету қаупін жоққа шығара алмаймыз» , - деді лондондық The Times-тің сарапшысы.

Коронавирус пандемиясы кесірінен 2021 жылға қалдырылған Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.