Токиоға жолдама алды

Қазақстандық Жанна Мамаджанова есімді желаяқ қыз Токио Олимпиадасына қатысуға лицензия беретін S7 әлемдік марафонының жеңімпазы атанды.

Марафон Австрияда өткен болатын. Жанна 42,195 шақырым қашықтықты 2:29:00 сағатта жүгіріп өтіп, барлық қарсыластарын басып озды.  Бұл марафонның қорытындысы бойынша алғашқы екі орын Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алады. Демек, Жаннаны енді жазғы олимпиада ойындарынан көреміз.

Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Алайда, коронавирусқа байланысты жарыстар бір жылға шегеріліп, биылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өткізуге шешім қабылданған. Дегенмен, ойынның атауы «Токио-2020» күйінде сақталды. Токиодағы жазғы Олимпиада әлем тарихында кейінге қалдырылған ең бірінші ойындар болып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *