ТОКИО-2020: Қазақстандық балуан олимпиада ойындарын сәтті бастады

ТОКИО-2020: Қазақстандық балуан олимпиада ойындарын сәтті бастады
Ijf.org

Токио Олимпиадасында дзюдо бойынша жарыстардың екінші күні басталды. Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz. сілтеме жасап.

66 келіде Қазақстан сапынан татамиге шыққан Ерлан Серікжанов алғашқы кездесуінде қарсыласы әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдесіп, одан басым түсті. Ерлан Серікжановтың келесі қарсыласы әлем чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Мануэль Ломбардо болады. 

Бүгін, жарыстың екінші күнінде, ерлер 66 келіге дейінгі, әйелдер 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.